Ұлыбританияда мигранттарға арналған баржа-үй пайда болды

Azattyq Rýhy

Бұл баспана сұрағандар орналастырылатын қазіргі қонақ үйлердің баламасы болмақ

Ұлыбританияда мигранттарға арналған баржа-үй пайда болды
Фото: cyplive.livejournal.com

Ұлыбританияның оңтүстігінде мигранттарға арналған баржа-үй пайда болды. Футбол алаңының үлкендігіндей, биіктігі үш қабатты баржаға жуырда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған 500 адам қоныстанбақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бибби Стокгольм» баржасы Портленд шағын аралына жеткізілді. Ел үкіметінің жоспарына сәйкес, босқындарға баспана беру жүйесіне түсетін салмақты жеңілдету үшін мұнда 500 мигрант ер адам орналастырылады. Бұл баспана сұрағандар орналастырылатын қазіргі қонақ үйлердің баламасы болмақ.

Осылайша, билік жүйені өзгерту арқылы шығынды қысқартуды ойластырған. Алайда, бұл жоспарды барлық жерде жүзеге асыру мүмкін болмай тұр. Ливерпуль мен Эдинбургтегі порттар иелері жағалауға екі кемені кіргізбеген. Оларға мың босқынды орналастыру жоспарланған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.