$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2023, 12:52
Қоғам

«Менің мәселемді шешуге көмектескеніне ризамын»: көпбалалы ана «Құқықтық көмек» жайлы

Жоба аясында оның несиесін шегеру шешімі қабылданды

«Менің мәселемді шешуге көмектескеніне ризамын»: көпбалалы ана «Құқықтық көмек» жайлы

«AMANAT»  партиясының «Құқықтық көмек» жобасы өңірлерде тұрғындарға көмек беруін жалғастырып жатыр. Жоба аясында партияның Павлодар облыстық филиалына жүгінген тұрғындардың бірқатар мәселесі шешілді. Олардың бірі – көпбалалы ана Ирина Дүйсембаева, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ирина Дүйсембаева әскерге аттанған ұлының несиесін төлеуді шегеруге қол жеткізе алмай көп мекеменің табалдырығын тоздырған. «Құқықтық көмек» жобасы аясында оның мәселесі бір жаққа шығып, шешілгенін айтады.

«Менің ұлым осы жылғы 6 сәуірде әскерге шақыртылды. Ол осы күні Қонаев қаласына десанттық-шабуылдау әскерінде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Дәл осы күні мен военкоматқа барып анықтама алдым. Себебі осыған дейін бірнеше мәрте ұлымда несие барын айтқан болатынмын. Ол өзі де бұл туралы айтып жүрді. Олардың төленуі шегерілетінін бізге военкаматта айтты. «Анықтама алып, банктерге көрсетесіздер» деді. Бізде несие kaspі, Еуразиялық банк, Береке банкі және Отбасы банкте ипотека болды. Бұл анықтамалықпен мені ешқандай банк қабылдамады. Ұлым отбасындағы 4 баланың үлкені болғандықтан, мен оны әскерге әкету бойынша сенімхат жазған болатынмын. Яғни, маған алдын ала сенімхат керек екенін банктер ескертпеді. Біз 40 күн өткен соң Ант беру рәсіміне бардық. Сол кезде мен сенімхат жасаттым. Павлодарға келген соң мен бірден банкке бардым. Тек бір банк қана несиені шегеруге келісті», - дейді Ирина Николаевна.

Көпбалалы ананың айтуынша, қалған банктер әскери бөлімшеден хат керек екенін айтқан.

«Тағы бір банк военкомат ұлымның әскери бөлімшеге қабылданғаны туралы хат жазуы керек деді. Мен қайда барарымды білмей, барлық жерге хабарластым. Себебі банк ұлымның қолындағы картаны да бұғаттап тастады. Ұлымның құқығы тапталып, барлығы сияқты ай сайынғы төлемді ала алмады. Кейін военкоматқа қабылдауға жазылып, өзімнің өтінішімді электронды түрде жолдадым. Олар маған хатты облыстық военкомат жазуы керек екенін айтты. Шынымды айтсам, осы жайттардан кейін көмек сұрап Президент әкімшілігіне жазғым келді. Бірақ ең соңғы үмітім- «AMANAT» партиясына жүгініп көрейін дедім. Себебі осыған дейін партияға жұмыссыздық бойынша жүгінген кезімде олар көмектескен еді. Осылайша, екінші мәрте баруға бел будым. Мен қабылдауға барғанда несиеміз бар барлық банктің өкілдері келді. Депутаттар мен военкоматтың өкілі болды. Сол кезде Отбасы банк шоттарды бұғаттағаны анықталды. Мән-жайды шешіп, барлық банк несиелерді шеттетуге келісті», - деді Ирина Дүйсембаева.

Оның айтуынша, қазір мәселенің шешуі уақыттың еншісінде.

«Қазір тек шешімдер қабылдану деңгейінде қалды. Бірақ барлығы несиелерді шегеруге келісіп отыр. Қалғаны уақыттың еншісінде. Осы орайда «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасына алғысымды айтқым келеді. Менің мәселемнің шешілуіне көмектескендері үшін ризамын», - деді Ирина Николаевна.

Сондай-ақ Павлодар облысында «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында көмек алғандардың бірі - Қатира Шахарова. Кәсіби медиаторлардың көмегі арқылы ол себепсіз шығып қалған жұмысына қайта орналасты.

Ал Табысбек Қапенов сатып алған көлігінің қаржысын төлегенін растау үшін полицияға арызданған. Жоба аясында оның арызын полиция департаменті қылмыстық іс қозғау үшін қабылдады.

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау алғаш рет Атырау облысында өтті.

Серіктес жаңалықтары