Оралда бала кір жуғыш машинаның центрефугасында тұрып қалды

Azattyq Rýhy

Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді

Оралда бала кір жуғыш машинаның центрефугасында тұрып қалды
Фото: kaz.zakon.kz

17 шілде күні Оралда сағат 14:20-да 112 пультіне екі жасар бала кір жуғыш машинаның (жартылай автомат) центрефугасында тұрып қалғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, құтқарушылар баланы арнайы құралдардың көмегімен кір жуғыш машинаның барабанынан шығарып, ата-анасына тапсырды.

«Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15:00-де аяқталды. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды!», деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін мамыр айында Павлодарда кір жуғыш машинаға қысылып қалған бала құтқарылған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.