$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазанда аяқталады»: Досаев кептеліске қатысты тұрғындардың сынына жауап берді

18 көшеде жөндеу жұмыстары 15 шілдеден басталады

«Қазанда аяқталады»: Досаев кептеліске қатысты тұрғындардың сынына жауап берді
Коллаж: Azattyq Ruhy / Нұрсұлтан Жорабаев

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әл-Фараби даңғылындағы кептеліске қатысты пікір білдірді. Қаладағы екі үлкен даңғылдың бойында бір мезетте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырып,  кептелістің көбеюіне әкелді. Халықтың сынына қатысты әкім пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«6 маусымнан бастап Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпірді кеңейту жұмыстары басталды. Осы жоба аясында жолдың екі жағынан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустармен жабдықталған екі вело-жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр. Көпірді кеңейту – 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, вело-жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы 2023 жылдың 15 қазанына дейін аяқталады. Ауданның жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 км 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген», - деді қала басшысы.

Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 1 қыркүйекке дейін аяқталмақ.

«Бұған дейін жөндеу жұмыстары Әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген.Сондай-ақ маусым айынан бастап 3 көшені орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қалған 18 көшеде жұмыстар 15 шілдеден басталады. Барлық жұмыстар биыл қазанға дейін аяқталады.

Децентрализация аясында аудан әкімдігі маусым айынан бастап аудан көшелері мен жол өткелдеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Барлығы 500 млн теңгеге жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 4,0 мың шаршы метр асфальт төселді»,  - деді Досаев.

Ол қалада жөндеу жұмыстарына байланысты туған қолайсыздықтарға  түсіністікпен қарауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары