$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2023, 08:21
Қоғам

Қорғаныс министрлігі ірі көлемде ақша жымқыру ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Жауапкершілікке тартылған тұлғалар әрекетінен АҚ-ның қаржылық жағдайы төмендеген

Қорғаныс министрлігі ірі көлемде ақша жымқыру ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Фото: 24.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ. Бұл туралы министрлік ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқаларының басшылығымен ұйымдастырылған қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу туралы ресми хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екені анықталғанын мәлімдейміз», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан «Әскери құрылыс» АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай төмендеді, осыған байланысты кредиторлық берешегі болды.

«Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар қатаң шаралар қабылдады. Атап айтсақ, «Әскери құрылыс» АҚ басшылығы толық ауыстырылды, жалпы ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау күшейтілді», - делінген хабарламада.

Бұл заңсыз әрекеттерді 2019-2020 жылдар аралығында акционерлік қоғамның  лауазымды тұлғалары жасағанын айта кету керек.

«Барлық заңбұзушылықтар бойынша жедел ақпараттандыру мен тергеу іс-шаралары сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының бастамасымен қолға алынды. 2022 жылдың басынан бастап «Әскери құрылыс» АҚ қызметін реформалау және кредиторлық берешекті өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 100-ден аса компания медиативтік келісімдерге қол қойды», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлер алдындағы кредиторлық берешектің негізгі бөлігін 2023 жылдың соңына дейін міндетті түрде өтеу жоспарланып отыр.

Еске алсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топтың 596 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары