$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2023, 05:39
Қоғам

«Дәретхана суын мәжбүрлеп ішкізген»: Атырауда балалар үйінен тағы шу шықты

Аталған дерек бойынша тергеу басталды

«Дәретхана суын мәжбүрлеп ішкізген»: Атырауда балалар үйінен тағы шу шықты
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Атыраудағы «Шаңырақ»  балалар ауылында тәрбиеленушілерді дәретхана суын ішуге мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты полицейлер тергеу бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Шаңырақ» балалар ауылына қатысты жарияланған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, Атырау облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева атқаратын қызметінен тергеу жүргізу кезінде уақытша шеттетілген.

Серіктес жаңалықтары