$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 04:57
Қоғам

Көкшетауда ТЖ кезінде той жасатқан мейрамхана иесі жазаланады - полиция

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тойда жүзден астам адам болған

Көкшетауда ТЖ кезінде той жасатқан мейрамхана иесі жазаланады - полиция
Фото: баспасөз қызметінен

Көкшетауда елде енгізілген төтенше жағдай кезінде той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың полиция басқармасына сілтеме жасап.

«Оқиға өткен түні қаладағы тойханалардың бірінде болған. Олардың заң бұзғанын полицейлер арнайы рейд барысында анықтаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тойда жүзден астам адам болған. Енді кәсіпкерлік нысанының қожайыны 26 500 теңге айыппұл төлейді. Жалпы жедел алдын алу шарасы барысында түнгі 22:00-ден кейін де жұмыс істеген бірнеше көңіл көтеру орыны анықталған», - деп жазылған хабарламада. 

Полиция өкілдерінің айтуынша, аталған нысандардың иелері бекітілген талап-ережелерді қатаң сақтамағандар қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары