Қостанайда COVID-19 тарағаны туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын анықталды
38 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қостанайда COVID-19 инфекциясының тарағаны туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі арқылы әлеуметті дүрліктірген 38 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қала тұрғыны отбасымен бірге Германиядан оралған соң, Қарабалық аудандық ауруханасына жатқызғанын хабарлайды. Полицейлер тергеу барысында күдіктінің ешқайда бармағанын, отбасы мүшелерінің аман-сау екенін анықтапты. Тағы бір ауданда да осы тектес факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылатын болады. Яғни, бұл заң 3 мың айлық есептік көрсеткіш және де 800 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартуды немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің бас маманы Кенже Қонысбай.