$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2023, 13:56
Қоғам

Атырау облысында Каспий жағалауындағы 5 гектарда қамыс өртінің 5 ошағы анықталды

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Атырау облысында Каспий жағалауындағы 5 гектарда қамыс өртінің 5 ошағы анықталды
Фото: inform.kz

Атырау облысында Каспий жағалауындағы 5 гектарда қамыс өртінің 5 ошағы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының дерегіне сүйенсек, кеше, 6 шілдеде басталған қамыс өртінің аумағы 5 гектарға жеткен.

Бүгін, 7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісі білінді. Осыған байланысты қамыс өртіне әуеден барлау жүргізу үшін тікұшақ жұмылдырылған.

«Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Асқат Ержановтың жетекшілігімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссияның 3 мүшесі Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізді. Әуеден барлау нәтижесінде Каспий теңізінің жағалауында шамамен 5 гектарды аумақты құрайтын 5 жану ошағы анықталды. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Өрт сөндірушілер жалынды сөндіру үшін бүгін, 7 шілдеде таңғы сағат 05:40-та Каспий теңізінің жағалауына аттанған. Олар сағат сағат 8:30-да Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы өрт аумағына жеткен.

Қазір қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 55 қызметкер, 13 техника, 2 мотопомпа, «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылған.

Серіктес жаңалықтары