Twitter Meta-ны жаңа қолданба үшін сотқа бермек
Twitter өкілдері Цукербергті плагиат және браконьерлікпен айналысты деп айыптап жатыр

Twitter заңгері Алекс Спиро Meta бас директоры Марк Цукербергке мәтінге негізделген танымал әлеуметтік платформаны қайталайтын жаңа Threads қолданбасы іске қосылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң хат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Twitter өкілдері Цукербергті плагиат және браконьерлікпен айналысты деп айыптап жатыр. Бұл Meta Twitter-ді толығымен қайталайтын Threads қосымшасын іске қосқаннан бірнеше сағат өткен соң белгілі болды, деп жазды Semafor.
«Twitter өзінің зияткерлік меншік құқығын қатаң сақтауға ниетті және Метадан Twitter-дің кез келген коммерциялық құпияларын немесе басқа да аса құпия ақпаратты пайдалануды тоқтату үшін дереу шара қолдануды талап етеді», - деп жазды Спиро адвокаты Метаға жазған хатында.