$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 13:23
Қоғам

Алматыдағы науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр – әкімдік

Қалған 18 науқастың жағдайы қанағаттанарлық

Алматыдағы науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр – әкімдік

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған азаматтардың жағдайы туралы айтты. Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус табылған бір науқастың жағдайы - орташа ауыр.

«Бұл науқас коронавирус инфекциясына байланысты бізде бірнеше күн емделген. Оның анықтамасында обструктивті бронхит деген диагноз қойылған. Оның жағдайын орташа ауыр деп бағалаймыз» - деді басқарма басшысы.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қалған 18 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың қатарында қауіпті вирус жұқтырған Ресей азаматы да бар.

«Ресей ешқандай категорияға кірмейтіндіктен, пациент карантинге алынбаған. Ол Москва – Алматы рейсімен бұған дейін ұшып келген (инфекция жұқтырған – авт.) адаммен байланыста болған. Іздестіру шараларына байланысты пациентті тауып, 17 наурызда карантинге алдық. 19 наурызда анализ нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын көрсетті», - дейді Тілеухан Әбілдаев.

Алматыдағы науқастардың 16-сы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында, екі бала және аналардың бірі балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

Әмірболат Құсайынов, Алматы

Серіктес жаңалықтары