19.03.2020, 13:17
Қоғам
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті
19 наурыз 13.00-дегі жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы, 44 науқас тіркелді»,- делінген мекеменің Фейсбуктегі ресми парақшасында.
Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, жаңадан тіркелген науқастардың барлығы Қазақстан азаматтары.
«Олардың бәрі Қазақстан азаматтары. 25 пен 52 жас аралығында. Барлығы бұрын ауырған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір стационарда ем қабылдап жатыр», - деді ол.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды