$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 12:34
Қоғам

Денсаулық сақтау бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 84-ші орында

Денсаулық сақтау жүйесінің ең озық үлгісі – Сингапурде  

Денсаулық сақтау бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 84-ші орында

Legatum институтының өркендеу индексіне сәйкес, «Денсаулық сақтау» санатында ТОП-3 елдің қатарына Жапония мен Швейцария кірді. Рейтинг денсаулық сақтау инфрақұрылымы, базалық психикалық және физикалық денсаулық және профилактикалық көмектің қолжетімділігі сияқты факторларды қарастырады.

«Оңтүстік Корея, Норвегия, Гонконг, Исландия, Дания, Нидерланды және Австрия денсаулық сақтаудың ең үздік жүйесі бар елдердің алғашқы ондығын тұйықтайды. Бұл елдерде  өзгелерге қарағанда короновируспен күресу үшін көп мүмкіндіктер бар. Қазақстан өз кезегінде, әлемнің 167 елініңі ішінен 84-ші орынды иеленді», - делінген зерттеуде.

18 наурыздағы жағдай бойынша әлемде коронавирусты жұқтырудың 198 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Коронавирустан өлім-жітім деңгейі есепті күнге 4% құрады. Коронавирусты жұқтырудың ең көп жағдайлары Қытайда (81,1 мың), Италияда (31,5 мың) және Иранда (16,2 мың) тіркелді.

2020 жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша Қазақстанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласына 10 млрд теңге инвестицияланды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,6 млрд теңге) 6 есе артық.

Жалпы, 2019 жылы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғауға бағытталған инвестициялар жылына 12,7%-ға, яғни 137,7 млрд теңгеге дейін (2018 жылы – 122,2 млрд теңге) ұлғайды. Соңғы үш жылда салаға инвестициялар орташа есеппен, жылына 31,1%-ға  өсті.

Серіктес жаңалықтары