$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 11:42
Қоғам

«Шығып үлгеріңіздер»: 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы толық жабылады

22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындарға қала аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылады

«Шығып үлгеріңіздер»: 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы толық жабылады
Фото: sputniknews.kz

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік режим басталды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен азаматтар 22 наурызға дейін қаладан шығып немесе келіп үлгеруі керек екенін ескертті.

«Елордадан шығуға немесе кіруге әлі уақыт бар. Алдағы 72 сағатта авиа және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келуге мүмкіндік беріліп отыр. 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындарға қала аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылады», - деді Б.Мәкен.

Ол қаладан тек транзиттік тасымалдау көліктері ғана өте алатынын айтты. Елорда арқылы басқа қалаларға баратын пойыздар вокзалдарға аялдамайды.

Қалада бизнес орталықтары, стоматология және тағы да басқа жекелеген қызмет көрсету орталықтары сағат 10:00 мен кешкі 17:00-ге дейін істейді. Ал құрылыс жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып жұмысын жалғастыра бермек.

Қала периметрі бойынша тұрғындардың қозғалысы мен көліктердің кіріп-шығуын шектеу үшін қала шеңберінде 6 блок-бекет орнатылды, қосымша Ақмола облысына тағы 1 блок-бекет орнатылды.

Карантин кезінде елордаға қай елдімекен тұрғындарының қатынай алатыны туралы ақпаратпен танысамын десеңіз

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары