$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 22:41
Жаңалықтар

Карантин кезінде елордаға қай елді-мекен тұрғындары қатынай алады?

Нұр-Сұлтанда 6 блокпост орнатылды

Карантин кезінде елордаға қай елді-мекен тұрғындары қатынай алады?
Фото: баспасөз қызметінен

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімдігі Шұбар ауылының ауданында блокпост орнатты. 

«Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендерінің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Оларға жұмыс орнынан анықтама қағаз немесе мекенжай тіркелімін растайтын құжат қажет емес. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекерасына енгізілді», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Блокпостарда бақылау аймақтары, палаткалар, тамақ қабылдау пункттері және қызмет көрсету пункттері орнатылады. 

«19 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап елордада карантин режимі енгізіледі. Қалада жедел штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған кезде іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Азаматтарды ретсіз үйден шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз», - дейді әкімдіктегілер.

Серіктес жаңалықтары