Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ Қарағандыға қонды
Мұндай шешім елордада карантин режиміне қатысты қиындықтар туындауына орай қабылданған
18 наурызда түнгі сағат 03.15-те Минск-Нұр-Сұлтан бағытымен келе жатқан ұшақ Қарағандының әуежайына қонған. Еліміздің бас қаласынан «ұшақты кеншілер қаласына қондыру қажет» деген тапсырма түскен.
«Мұндай шешім астанада карантин режиміне қатысты қиындықтар туындауына орай қабылданған. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласына бір мезетте шетелдерден келген үш ұшақ келіп қонған. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтандағы бұл проблема шешілді»,- деп хабарлайды Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Минскіден келген ұшақта 67 жолаушы болған. Олардың барлығы Қарағанды қаласында карантинге жатқызылды.
Бүгінде Қарағандыда 113 адам карантинге алынған. Ал 52 адам үй карантинінде отыр.
Арайлым Еркебаева, Қарағанды