$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 21:55
Жаңалықтар

Карантин кезінде ереже сақтамай, тәртіп бұзған адамдарға 6 түрлі жаза қолданылады

Жауапкершілік шаралары туралы хабарлама

Карантин кезінде ереже сақтамай, тәртіп бұзған адамдарға 6 түрлі жаза қолданылады
Фото: ашық дереккөзден

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 2020 жылдың 19 наурызынан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі енгізілгені белгілі. Уақытша шектеулер, соның ішінде қаладан шығуға және кіруге тыйым салу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шараларға азаматтар бағынбаса, олар  ҚР ӘК және ҚК алты түрлі бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. 

Әкімшілік жауапкершілік:

- ҚР ӘҚБК 476 бабы («төтенше жағдай режимін бұзу»); 

- ҚР ӘҚБК 667 бабы («полиция талаптарына бағынбау»);

- ҚР ӘҚБК 462 бабы («санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамау»);

- ҚР ӘҚБК 425 бабы («санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу»).

Қылмыстық жауапкершілік: 

- ҚР ҚК 304-бабы («санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу»);

- ҚР ҚК 379-бабы («төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбау»).

Серіктес жаңалықтары