ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

Алматы облысында әскери снаряд пен бомба сақтаған төрт адам ұсталды

Мамандардың айтуынша, олардан тәркіленген заттар бүтін бір қаланы жойып жібере алады

Алматы облысында соғыс қаруларын жинаумен айналысқан екі жігіт ұсталды. Жарылғыш заттардың алғашқы ірі арсеналы Алматы облысының Қарасай ауданында, екіншісі Іле ауданында табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Полицейлер тәркілеген металлдардың арсында 125 мм калибрлі 4 артиллериялық танк снаряды болған.

«Қарасай ауданында тұратын 22 және 23 жастағы екі азамат металл сынықтарын жинаумен айналысу кезінде, 125 мм калибрлі 4 артиллериялық танк снарядын тауып алған. Айта кететін жәйт, біреуі жарғыш затымен бірге болған, ал екіншісінікі оған қауіп төндіретін жақын жерде орналасқан. Олар жарылғаш заттарды автокөліктің артқы орындықтарында тасымалдап жүрген», - дейді Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының басшысы Марат Куштыбаев.


Ал 35 және 49 жастағы екі азаматтан тәркіленген 160 жарылғыш заттардың қатарында авиациялық ракеталардың жарылмаған фрагменттері, миномет снарядтары, жарғыштар, кассеталық-жарықтандыру, артиллериялық снарядтар мен броньды авиациялық бомбалардың фрагменттері де жүрген. 

Әскери қарулардың металл қабылдау орындарына қалай түскені белгісіз. Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасы  басшысының сөзінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

«Күдіктілер мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Жақында Қапшағай қаласында металл қабылдау пунктінде дәл осындай заттардың жарылуынан жас жігіт қаза тапты. Полицейлер көптеген адамның өмірін құтқарып қалды деуге болады. Соғыс заттардың кез-келгенінің жарылу қаупі бар және ол тізбекті реакция тудырып, заңсыз сақталған арсеналдың жалпы жарылысына әкелуі мүмкін еді», - деп толықтырды Куштыбаев. 

Мамандардың пікірінше, соғыс жағдайында жоғарыдағы қарулар арқылы шағын қаланы жойып жіберуге болады екен.