$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 11:02
Қоғам

Алматыдан өзге өңірлерге барған жолаушылар тексерістен өтеді

Алматыдан кетуді жоспарлаған азаматтар 22 наурызға дейін үлгеруі тиіс

Алматыдан өзге өңірлерге барған жолаушылар тексерістен өтеді

Бүгіннен бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Ал қаладан өзге өңірлерге барған жолаушыларды жергілікті әуежай-вокзалдарда жауапты мамандар қарсы алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Яғни, өңірлердегі әуежайлар мен вокзалдарға санитарлық өңдеу мен медициналық тексеріс жүргізіледі. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Асқар Мамин осыған байланысты барлық қалалары мен облыс әкімдеріне нақты тапсырма берді.

Айта кетерлігі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов шаһарға кіріп-шығуға арнайы рұқсат қағаздары берілмейтінін айтты.

«Ұзын-сонар кезектің пайда болатынын түсінеміз. Сондықтан қаладан кеткісі келетіндер тезірек әрекетке көшкендері дұрыс. Ал облыс әкімшіліктерін мемлекеттік комиссияның тапсырмасын орындау үшін тиісті шараларды орындауға шақырамын. Яғни, шетелден келген рейстерді біз қалай күтіп алдық, олар да дәл сондай қауіпсіздік шараларын жүргізулері тиіс. Тепловизорлар мен қажетті сынамаларды жасақтап қоюлары керек. Олар өңірлерде бар. Қаладан бері қарай келгендерді күтіп алып, вирустың өзге қалаларға тараламауын жіті қадағалауы тиіс», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Серіктес жаңалықтары