Халық қашаннан әділетсіздік пен немқұрайлыққа қарсы – депутат
Қалыйма Жантөреева қазіргі таңда қоғамды сауықтыру мәселесі алғашқы орында екенін айтты

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жақында елордада өткен мәслихат депутаттарының форумына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Депутаттық форумның өтуі, біріншіден, депутаттарға мотивация болса, екіншіден, қала депутаттары мен ауыл депутаттары өздерін бір алаңда бірдей сезіне алды. Үшіншіден, пленарлық отырыстарда тәжірибе алмасу болды. Бір мандаттан сайланған депутаттар халық сенімі арқылы мандатқа ие болғанымен, партиялық тізіммен сайланған депутаттарға, барлық депутатқа деген партия көзқарасының бірдейлігін депутаттар түсініп қайтты. Егер де сайлау кезінде партия беделі партия мүшесіне жұмыс жасаса, сайлаудан соң депутаттың партияға жұмыс жасайтын уақыт келгенін, жеңістің қайтарымы ретінде депутаттың партия алдындағы жауапкершілігін күшейтетіні айтылды», - деді Жантөреева.
Ол атағандай, әкімшілік пен мәслихат серіктестер ретінде мәселені шешуге әрекет ете отырып, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының вертикалды байланысын жандандыру қажеттігі туындап отыр.
«Халық қашаннан әділетсіздік пен немқұрайлыққа қарсы. Әрбір іс-қимылда аманатқа адалдық принципі толық жұмыс істегенде ғана «билік – депутат – халық» үшбұрышы арасындағы міндет проблеманы шешу жақсы нәтиже берері сөзсіз. Депутаттардың өңірлік саясатқа ықпал ете алуы депутаттың алғырлығына, білім тәжірибесіне байланысты екенін форум барысында кеңінен сезіну байқалды. Депутатқа жүктелетін міндеттердің бәрі – ел қажетін өтеу үшін дайындалған партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлердің шешілмеген проблемалары ғана емес, күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда кездесетін проблемалар», - дейді депутат.
Оның айтуынша, депутат әрдайым халыққа үлгі болып, мәселені тез шеше алатын қабілеті қызметтің мәні мен маңызын арттырады.
«Қазіргі таңда қоғамды сауықтыру мәселесі алғашқы орында тұр. Қоғамдық сананы өзгерту – шынайы отаншылдықтың, депутат іс-қимылының әлеуметтік құндылықтарының, қазіргі идеологияның мәні. Депутаттың елжандылығы, патриоттық имунинитетінің мықтылығы проблемаларды шешер тұста үлкен жәрдем. Неғұрлым халық сұранысын өтеген сайын халықтың сеніміне ие болу коэффициенті жоғары болады, ал халық сеніміне ие болу депутатқа айрықша жігер күш сыйлайды. Форумда пікірталас жасаудың жолдары, депутаттың қай тұста басты рөлге шығып жеңіске жетуі ол проблемаларды шеше отырып жақтастарыңды көбейтуімен түйінделеді. Партиядан сайланған депутаттың жақтастары көбейген сайын партияға деген сенім арта түспек. Демек, сайлау кезінде қазіргі депутатымызды партия мүшесі ретінде партия қолдаса, енді депутат болғанда мәселелерді шешуге ықпалы артқаны-партияны қолдап отырғаны. Форумда әр депутаттқа әдіснамалық нұсқаулық таратылды. Бұл – қажет дүние. Пікірталаса отырып бірыңғай ұстанымға келу – түйінді бірлесіп шешудің жолы. Форумда азаңсыз иеленген активтерді, жеке иелікке беріліп кеткен мәдени ошақтарды, балабақшаларды мемлекетке қайтару», - деді ол.
Форумда заңсыз иеленген активтерді, жеке иелікке беріліп кеткен мәдени ошақтарды, балабақшаларды мемлекетке қайтару мәселесі қаралды.