Ақмола полицейлері 2500 тонна жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр

Azattyq Rýhy

53 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынды

Ақмола полицейлері 2500 тонна жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр
Фото: yarnovosti.com

Ақмола полицейлері жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-сілтеме жасап.

27 маусым күні Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорының 2023 жылғы мамыр айы мен 27 маусым аралығында 2500 тонна жанар-жағармай материалдарының жоғалғаны туралы өтініші келіп түскен.

«Осы іске қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ЖШС-ның барлық қызметкерлерінен жауап алды. Нәтижесінде полицейлер осы ЖШС-да оператор болып жұмыс істеген 53 жастағы ер адамды анықтады. Оның іске қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.