$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2023, 11:56
Қоғам

Ойын алаңындағы оқиға: Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Аймақ басшысы бұл жолы тек ескертумен шектелмейтінін айтты

Ойын алаңындағы оқиға: Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Фото: Zakon.kz

Қарағанды облысының әкімі басшысы Ермағанбет Бөлекпаев бүгінгі өткен жедел кеңесті Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасарын қызметінен босату туралы өкіммен бастады. Бұған өткен аптада болған дауыл кезінде ойын алаңындағы балалардың жарақаттануы себеп болды,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

«Ересектердің салғырттығынан өткен аптада екі бала зардап шекті. Мен бұған дейін де бірнеше рет ескерткенр болатынмын және тағы да айтамын: ойын алаңдарын жөндегенде, ең алдымен, олардың қауіпсіз жұмыс істеуін ойлау керек. Тексеріс жүргізіп, құлап кетпес үшін футбол қақпалары мен әткеншектерді нығайтуды ұмытпау керек. Ал бізде керісінше, мердігерлер асығып, тезірек ақша тапқысы келеді, ал кей әріптестер бұған көз жұма қарайды. Сондықтан енді мен тек ескертумен шектелмеймін», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аймақ басшысы Қарағанды ​​қаласының әкіміне Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің аулаларды абаттандыруға жауапты орынбасарын қызметінен босатуды тапсырды. Облыс әкімі құқық қорғау органдарынан мердігердің жауапкершілігін қарастырып, құқықтық баға беруді сұрады.

«Осы оқиғадан кейін қажетті тексерулер жүргізіліп, кемшіліктер табылып, түзей бастайды деп үміттенемін. Мұндай жағдайларға алдағы уақытта жол бермеу керек. Құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде учаскені қоршап, ескерту белгілерін қою керек. Балалар жарақат алған аулада мұның ешқайсысы жасалмаған, сол себептен қайғылы жағдай болды. Ойын алаңдарына қатысты абаттандыру ережелерін қайта қарау керек: жасанды жабынның орнына, әлдеқайда берік түрін қолданған дұрыс шығар. Біздің мақсатымыз – балаларды қауіпсіз балалық шақпен қамтамасыз ету, бұл мәселелерді тезірек шешу керек», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске салайық, 19 маусымда Қарағандыда қатты соққан дауыл ойын алаңының жамылғысын жұлып кеткен. Соның салдарынан екі бала зардап шекті.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2015 жылы туған бала жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Профессор Х.Ж. Мақажанова атындағы ауруханаға ауыр бас-ми жарақатымен, маңдай сүйегінің, білек сүйегінің сынығымен жеткізілген жеткіншекке от жасалып, ем тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары