$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2023, 11:24
Қоғам

Қазақстанда автоматтандыру мен жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсері бағаланды

Сарапшылар барлығы 423 кәсіп тобын қарады

Қазақстанда автоматтандыру мен жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсері бағаланды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары автоматтандыру, роботтандыру немесе генеративті жасанды интеллектті пайдалану есебінен жұмыс орындарын ауыстыру әлеуеті бойынша зерттеу жүргізді және олардың қазақстандық еңбек нарығына әсерін бағалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ЕРДО талдаушылары автоматтармен, роботтармен немесе жасанды интеллектпен кәсіптер топтарының белгілі бір функцияларын орындау мүмкіндігіне бағалау жүргізді, ол 2008 жылғы қызметтердің халықаралық стандартты сыныптауышы үйлестірілген және экономикамыздың ерекшелігін көрсете отырып, қолданылатын дағдылардың деңгейі мен мамандануы бойынша қызметтерді жіктейтін 2017 жылғы ҚР қызметтердің Ұлттық сыныптауышын негізге алды. Сарапшылар барлығы 3,4 мыңға жуық негізгі атқаратын функциясы бар 423 кәсіп тобын қарады.

«Талдау екі ықтимал нұсқа бойынша жүргізілді, алдымен автоматтандыру, роботтандыру немесе жалпы жасанды интеллектті пайдалану, сондай-ақ ChatGPT, Midjourney, Bard (Google), ChatSonic, Rytr, Neeva және т. б. сияқты ҒЖИ көмегімен белгілі бір функцияларды орындау мүмкіндіктері бойынша талдама бөлек жүргізілді», – деді ЕРДО Болжау және зерттеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Жаңа технологиялардың еңбек нарығына әсер ету әлеуетін бағалаудың өзектілігіне байланысты тиісті зерттеулер, бөлек-бөлегімен болса да, бүкіл әлемде жүргізілді.

Мәселен, ҚХСС бойынша функционалдық талдауды пайдаланған алғашқы зерттеулердің бірінде толық әсер етуі мүмкін кәсіптердің үлесі шамамен 33%-ды, одан басқа 36%-ды ішінара құрады, ал кәсіптердің 31%-ына ChatGPT-ның пайда болуы мен таралуы ешқандай әсер етпейді.

Тағы бір зерттеу кезінде қытайлық сарапшылар ГЖИ-ды қолдану Қытайдағы жалпы жұмыс күшіне салыстырмалы түрде аз әсер етеді деген қорытындыға келді, бұл мамандық бойынша жасанды интеллект толық орындай алатын міндеттердің аз үлесіне негізделген. Авторлардың қорытынды тұжырымдары орта кәсіп үшін тапсырмалардың шамамен 4%-ы ҒЖИ-ға тікелей ұшырауы мүмкін екенін көрсетеді, бірақ белгілі бір жағдайларда бұл үлес 10% - ға дейін, тіпті 15% - ға дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ, сарапшылар 20-35 жас аралығындағы халықтың санаты, ал салалар бойынша-ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ), қаржылық делдалдық, лизингтік және басқа да бизнес-қызметтер, көтерме және бөлшек сауда, жылжымайтын мүлікпен және т.б. жасалатын операциялар ҒЖИ атынан ең осал болып табылады деп санайды.

Өз кезегінде Қазақстанда автоматтандырудың, роботтандырудың немесе ҒЖИ-нің отандық еңбек нарығына ықтимал әсерін талдауға сәйкес, ең үлкен автоматтандыруға басшылар мен мемлекеттік қызметшілер (59% дейін), әкімшілік саласындағы қызметшілер (48%), кәсіби мамандар (46%) және техник мамандар (29%) топтарында қол жеткізуге болады. ҒЖИ көмегімен орындалуы мүмкін функциялардың ең көп бөлігі әкімшілік қызметшілерге (44%), техник мамандарға (32%) және кәсіби мамандарға (15%) тән.

«Жалпы алғанда, талдау нәтижелері бойынша ықтималдығы жоғары немесе орташа адамдар орындайтын функциялардың 29% автоматтандырылуы мүмкін және бұл ретте функциялардың 13% ҒЖИ орындауы мүмкін екені анықталды.

Ағымдағы жұмыспен қамту көрсеткіштеріне сүйене отырып, талдау жүргізілген 8,7 миллионға жуық қызметкердің 6,5 миллион қызметкерде немесе 75% автоматтандыру екіталай екенін атап өтуге болады. Автоматтандырудың орташа ықтималдығы 1,5 миллион адамға немесе 17% мүмкін. 686 мың адамның ықтималдығы жоғары немесе 8%», – деп атап өтті Дмитрий Шумеков.

Бұл ретте тікелей ҒЖИ қызметкерінің бір бөлігін немесе барлық функциясын орындау мүмкіндігі одан да төмен ықтималдық көрсеткіштеріне ие: 7,7 млн қызметкер үшін төмен ықтималдық (88%), орташа ықтималдық 1 млн (12%), және өте ықтимал 5,2 мың, яғни 0,1%.

«Еңбек нарығын автоматтандырудың негізгі қаупі ірі қалалар мен индустриалды дамыған аймақтарға тән, бұл процесс жұмыс орындарының 33-36%-ы айтарлықтай әсер етуі мүмкін», – деп толықтырды талдаушы.

Тікелей ҒЖИ есебінен жұмыс орындарын ауыстырудың ең үлкен тәуекелі Алматы қаласында туындайды. Айталық, жұмыспен қамтуға ықпал ету тұрғысынан анағұрлым әлжуаз қаржы және АКТ жөніндегі орталық хабты мысалға алуға болады. Бұл ретте салалық бөліністе ҒЖИ қызметкерлерін алмастырудың ең үлкен әлеуеті кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет аясында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында болжанады.

«Автоматтандыру оңтайландырылған жұмыс күші арқылы әлеуетті үнемдеу есебінен еңбек нарығына әсер етуде маңызды рөл атқарады. Алайда, біздің өңірде автоматтандыру және жұмысшыларды тетіктермен және ҒЖИ-мен ауыстыру процесі өте баяу жүреді, өйткені ол компаниялар одан пайданы арттыру жолын көруге байланысты», – деп қорытындылады Дмитрий Шумеков.

«Автоматтандырудың, роботтандырудың және жасанды интеллекттің Қазақстан Республикасының еңбек нарығына әсерін бағалау» аналитикалық зерттеудің толық есебімен мына сілтеме бойынша танысуға болады

Серіктес жаңалықтары