Жағдайы ауыр: Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалды

Azattyq Rýhy

Оқыс оқиға тұрғын үй аулаларының бірінде болған

Жағдайы ауыр: Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалды
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында қатты дауыл кезінде зардап шеккен 8 жастағы балаға ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі деп хабарлайды Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Дәрігерлер қазір Дияр Құрманғазыұлының жағдайы ауыр деп отыр. Биыл екінші сыныпты бітірген бала таэквондомен айналысқан екен. Ал онымен бірге болған тоғыз жастағы тағы бір жеткіншектің миы шайқалып, ішек жолдарына зақым келіпті. Оның жағдайы қалыпты.

Айта кетсек, оқыс оқиға осыдан үш күн бұрын тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Түс қайта тұрған қатты дауыл ойын алаңындағы жабындыны үстіндегі екі баламен қоса жұлып түсірген. Жеткіншектер бірнеше метр жерге ұшып, асфальт үстіне құлаған еді.

«Реанимотолог, аннестезиолог, балалар ортопеді бірігіп, баланың бірнеше жеріне ота жасады. Жағына, иығына металл біз қойылды. Жалпы, ауыр жарақат алған 8 жастағы баланың жағдайын алаңдатарлық деп бағалап отырмыз», – деді Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың ахуалдық орталық басшысы Ерік Шонбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.