$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2023, 06:17
Қоғам

Атырауда үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы мен қызметкері сотталды

Олар үй салып берем деп 271 адамнан 2 миллиард теңгедей қаражат жинап алыпты

Атырауда үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы мен қызметкері сотталды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы мен қызметкері сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, тұрғындарды сан соқтырып, миллиондап ақшаны қалтаға басқандар енді 6 жылдарын абақтыда өткізеді. Олар үй салып берем деп, 271 адамнан 2 миллиард теңгедей қаражат жинап алыпты. Алайда құрылыс орта жолдан тоқтап қалған. Ал іргетасы 3 жыл бұрын қаланған тұрғын жайлардың қазіргі құны 1 миллиард 400 миллион теңгеге бағаланып отыр. Енді жәбірленушілер азаматтық сотқа қайта арызданамыз дейді.

«Жәбірленушілердің өтініш хаты қанағаттандырылды. Қанағаттандырудың негізінде атқару парағын алады. Ол парақ жеке сот орындаушыға түсіп, сол арқылы ақшаны өндіріп алады», – дейді прокурор Абылайхан Алтынбек.

Серіктес жаңалықтары