24.06.2023, 00:13
Қоғам
Синоптиктер құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады
Келер айда ылғалдылық тапшылығы бар өңірлердің ауданы ұлғаюы мүмкін
Фото ашық дереккөзден
Синоптиктер шілде айындағы құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады, ал ылғалдылық тапшылығы бар өңірлердің ауданы ұлғаюы мүмкін.
Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз, Хромтау аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында құрғақшылық болуы ықтимал.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Қостанай облысының Жангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
