23.06.2023, 06:46
Қоғам
Париждегі жарылыстан зардап шеккендер саны 50-ге жетті
Олардың арасында қазақстандықтар жоқ
Бұл жергілікті прокуратураның келтірген деректері. Алты адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға шаһар орталығындағы Париж америкалық академиясында болған. Жарылыстан кешеннің алдыңғы қабырғалары қирап қалды.
Алдын ала болжам бойынша газ балоны жарылған. Қазір жүзге жуық адам үйлеріне қайта алмай отыр. Себебі қатты дүмпуден бірнеше тұрғын үй де қирап қалған.
Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі берген мәліметке сай, зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді