Бүгін Түркістанда ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді

Azattyq Rýhy

Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған

Бүгін Түркістанда ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді
Фото: turanews.kz

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алқалы жиында Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

«Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады», – деді Қ.Тоқаев.

Ал, қазір Ұлттық құрылтайдың басталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған.

Құрылтай өтетін алаң қазақтың 12 қанатты киіз үйі тәрізді безендірілген. Әр аймақтан жиналған түрлі сала өкілдері кеше Түркістанға келіп, алғашқы секциялық жұмыстарға қатысты.

Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.