$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2023, 05:47
Қоғам

«Тестің қайта қаралуын талап етеміз»: Алматыда медицина университетінің студенттері шу шығарды

Жауапты басқармалардың айтуынша, аппеляция әлі қарастырылып жатыр

«Тестің қайта қаралуын талап етеміз»: Алматыда медицина университетінің студенттері шу шығарды
Фото: astanatv.kz

Алматыда медицина университетінің студенттері тестілеудің нәтижесімен келіспейді. Болашақ ақ халаттылардың айтуынша емтихан тапсыру барысында техникалық ақаулар болған. Қорытынды бағасына қарсы студенттер тесттің қайта қаралуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Алматылық тестілеу орталығының алдына 60-қа жуық медицина мамандығында оқитын студенттер жиналды. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ-Ресей медициналық және Ұлттық Университеттерінің интерндері шу шығарып отыр. Бәрінің айтары бір – емтихан дұрыс өтпеді.

Болашағы бұлыңғыр болып тұрған студенттер әділдікті іздеуде. Олардың арасында 2 жыл қатарынан тапсырып жатқандармен бірге бір рет сабақтан сүрінбегендері де бар. Шекті баллдан өту үшін 100 сұрақтың 50-не дұрыс жауап беру керек. Ал жоғарғы оқу орындардың басшылығы емтихан қорытындысына араласа алмаймыз деп отыр.

 «Қазір бізге көмектесетін ешкім жоқ, универден де ешқандай қолдау болып тұрған жоқ. Өз басыма келсем мен бұдан алдын колледж оқыдым осымен 9 жыл деп есептеп отырмын да, 10 жыл күту керекпін. Мен ешқашан летоға қалған студент емеспін, тіпті мен төмен балл жинап көрген жоқпын осы уақытқа дейін. Шынымды айтсам ішім өрт болып тұр», - дейді ҚРМУ 6-курс интерні Гүлмира Жүсіпбай.

Сұрақтардың тура мағынада аударылып, түсініксіз болғаны былай тұрсын, кейбір студенттер аппеляция батырмасының басылмай, тест кезіндегі техниканың ақауына ашынып отыр. Шағымданып отырғандардың дені - болашақ тіс дәрігерлері.

 «Сұрақтарды түсіну қиын болды, мен кем дегенде шекті балл жинайтыныма сенімді болдым, біздің ойымызша мына сұрақтарға тіпті стажы бар дәрігерлер де жауап бере алмайды. Біздегі ең жоғары балл 76 болып тұр. Өткендердің өзі таң қалып отыр. Тестті аяқтап жатқанда, техникалық ақаулар болды, беттер ашылмай, жүктелу уақыты да созылып кетті. Университеттерімізден ашқандай жауап жоқ. Тест орталығы да үндемейді», - дейді ҚРМУ 6-курс интернатура студенті Нұрғиса Тамаша.

Ал тиісті ведомстволар тек тестті жасаған орталыққа сілтеді. Олардың да жауабы қысқа болды.

 «Тест базасы емтиханда тек сараптамадан өткеннен кейін ғана қолдынылады. Бағалаудың ақпараттық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Тестілеу кезінде техникалық себептер бойынша аппеляцияға беру мүмкіндігіне шағымдар түскен жоқ. Тестілеу барысында түлек аппеляцияға беру мүмкіндігіне қолданбаған болуы мүмкін. Мемлекттік емтиханды өткізу кезінде денсаулық сақтау министірлігінің республикалық аппеляциялық комиссиясы құрылады, онда өзінің жұмыс тәртібі мен өтініштерді қарау тәртібі бар», - деді «ҰТЕО» РҚБ бас маманы Кәмиля Бекішова.

Жауапты басқармалардың айтуынша аппеляция әлі қарастырылып жатыр, сондықтан анық-қанығы кейінірек белгілі болады. Студенттер де өз нұсқалары бойынша жауаптарын асыға күтуде.

Серіктес жаңалықтары