Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Нұр-Сұлтанда 47 мың тонна азық-түлік бар – Көлгінов

Қалада тағы 1 миллионнан астам медициналық маскаға тапсырыс берілген

фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында карантин жариялануына байланысты мәлімдеме жасаған қала әкімі Алтай Көлгінов азық-түлік қоры жеткілікті екенін хабарлады.

Оның айтуынша, қазір сауда желілері қоймаларында 47 мың тонна азық-түлік бар. Ол 1 айға толық жетеді. Себебі, қаладағы айлық қажеттілік – 38 мың тонна. Алдағы күндері қоймалар қосымша азық-түлікпен қамтылмақ.

Ал, кеше ел астанасына «СҚ-Фармация» кәсіпорнынан 400 мың медициналық маска әкелінген.

«Тағы 1 миллионнан астам маскаға тапсырыс бердік. Қосымша сұраныстарды қамтамасыз етеміз. Антисептикке де тапсырыс бердік. Олар осы аптада қажетті жағдайда жеткізіледі», - деді А.Көлгінов.

Қазір Нұр-Сұлтанда стационарда карантинде 318 адам жатыр. Диагностикалық тексеру өткізіп, ем жүргізу үшін 1051 орын дайындалған.

Сондай-ақ, соңғы екі күн ішінде Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы 30%-ға, нақтырақ айтқанда 700 мыңнан 400 мыңға төмендегені байқалады

Еске салайық, бұған дейін Үкімет Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай режимін қабылдау туралы шешім қабылдады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда 17, Алматыда 15 адам инфекция жұқтырғаны анықталды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан