Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе жұмысын тоқтатты
Шектеу 15 сәуірге дейін жалғасады
Президент Қ. Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы» №285 жарлығына байланысты, Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ден 15 сәуір 07.00-ге дейінгі кезеңде Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көктөбе туристік нысандарын жабу туралы шешім қабылады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
«Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметіне тоқтау салынды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 17 наурызда сағат 12.00-дегі мәліметке сәйкес, Алматы қаласындағы 11 адам мен Нұр-Сұлтан қаласындағы 16 адамды қосқанда, жалпы Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 27 науқас тіркелді.