17.03.2020, 14:58
Қоғам
Коронавирус: BI Group дәрігерлерге 100 млн теңге бөледі
Қазақстанда 1536 адам аураханада, 1094 адам үйде карантинде жатыр
Белгілі кәсіпкер, BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев компания коронавируспен күресіп жатқан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге 100 миллион теңге аударатынын хабарлады.
«Қиындық туғанда біріге алатын қазақтың қанында бар ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңеміз деп ойлаймын. Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар!», - деп жазды ол өз Facebook парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін медициналық қызметкерлер үшін Halyk Bank 100 млн теңге бөлетінін мәлімдеген еді.
Көп оқылған
14.07.2026, 10:38
Бір «закладка» 2000 теңге – Алматыдан Таразға «жұмыс» іздеп барған 43 жастағы әйел 7 жыл бойы түрмеде отыратын болды
14.07.2026, 11:45
Тас жолға шалқасынан жатып алған: Ақтөбеден Семейге барып, ерсі қылық көрсеткен 35 жастағы әйел жазаланды
14.07.2026, 09:48
Түркістан облысында көпбалалы ана төрт баласымен бірге жоғалып кетті
14.07.2026, 08:27
Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды