$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар саны азайған

Қаланы әкімі мұның жұмыспен қамту шараларын күшейтудің нәтижесінде екенін айтты

Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар саны азайған
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік көмек туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырды. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамтуымыз қажет», - деді ол.

Ол атағандай, жыл басынан 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасыны құрады (2022 ж. 5 айы –13 778 отбасы)», - деді Мұрат Әйтенов.

Серіктес жаңалықтары