$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2023, 10:45
Қоғам

​​Биыл 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түсті - Оқу-ағарту министрлігі

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

​​Биыл 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түсті - Оқу-ағарту министрлігі
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда екі айдың ішінде бірінші сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, бүгінде 1 сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70% - ға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.

«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізілуде. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп.Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр», – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Қазіргі уақытта 1-сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Серіктес жаңалықтары