$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2020, 11:32
Қоғам

Атырауда бұрынғы басқарма басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Оның сыбайластары да қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді

Атырауда бұрынғы басқарма басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды
фото: Батыржан Беспаев

Атырау облысының мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін «Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С. Сабырға, «Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы» КМҚК бұрынғы директоры Ғ. Дүйсенғалиевке, басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің бұрынғы басшысы А.Рахматулинаға және бұрынғы бухгалтер Г. Самариденоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Сабыр және басқалар лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану және мәдени іс-шаралар өткізу сылтауымен үлестес тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға аудару арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру бойынша күдікті деп танылды. Осы жылдың 16 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен, С. Сабыр орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Ғ. Дүйсенғалиевтің 7 жылға бас бостандығы шектелді, Самариденова мен Рахматулина жазаны өтеуді 5 жылға дейін кейінге қалдырумен 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды», - делінген хабарламада.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары