$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2023, 12:01
Қоғам

«Бізге адам өмірі маңызды»: өрт сөндіруші тұрғындардан жұмысқа кедергі келтірмеуді сұрады

Ол ауыр техниканың неліктен орманның ішіне кіргізілмейтінін айтты

«Бізге адам өмірі маңызды»: өрт сөндіруші тұрғындардан жұмысқа кедергі келтірмеуді сұрады

Абай облысында тілсіз жаумен күресіп жүрген өрт сөндірушілердің бірі тұрғындардан жұмысқа кедергі жасамауды сұрады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жүктеген видеосында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт сөндіруші Елдос Нұртазаев бейнежазбада өрт сөндіру техникасының неліктен орманның ішіне кіргізілмейтінін айтып, халықты бірлікте болуға шақырды.

«Өртпен алысып жүрміз. Мына жақта кейбір ағаларымыз келіп «Не істеп тұрсыңдар? Неге жұмыс істемейсіңдер?» деп желкемізге тұрып алады. Бұл жұмыс істеп жатқан адамдардың ашуына тиеді. Сол үшін керісінше, бәріміз бірігіп, жақсы жағынан қарайық. Неге сіздер желкеге тұрып алып, жұмысқа кедергі боласыздар? Техника неліктен ішке кірмейді? Өйткені бұл жеңіл машина емес, кіріп-шығуы оңай болатындай. Егер ол жақтан шыға алмай қалса, онда адамдар да шыға алмай қалуы мүмкін. Бізге адам өмірі маңызды. Сол үшін өтішінім, бір ниетте болайық. Бірлік бар жерде тірлік бар, күшіміз бірлікте болсын», - деді өрт сөндіру бөлімінің қызметкері.

Сондай-ақ, Елдос Нұртазаевтың Абай облысында түсірілген фотосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Айтуынша, ол сол сәтте дұға жасап, өңірге жаңбыр жауса екен деп тілеген.

Серіктес жаңалықтары