26.05.2023, 19:57
Қоғам
Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Тартысты өткен матчта Ж.Құламбаева екі тай-брейкте басымдылық танытты – 7:6 (7:5), 7:6 (7:5).
Фото: Sport.kz
Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 1019-орында тұрған словакиялық Нина Варговамен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен матчта Ж.Құламбаева екі тай-брейкте басымдылық танытты – 7:6 (7:5), 7:6 (7:5).
Жібек Құламбаева финалға шығу үшін италиялық Дениз Валенте немесе ұлыбританиялық Элеанор Баглоудың қай жеңгенімен таласады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді