$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2020, 18:42
Қоғам

Төтенше жағдайда азық-түлікті қымбаттатқандарға айыппұл салынады – Сауда министрі

Министрлік азық-түлік қатты қымбаттап кетпес үшін шекті баға қояды

Төтенше жағдайда азық-түлікті қымбаттатқандарға айыппұл салынады – Сауда министрі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 16 наурыз бен 5 сәуір аралығына енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қатты қымбаттап кетпес үшін шекті баға қойылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. Ал бағаны көтергендерге айыппұл салынады.

«Біз тамақ өнімінің бағасын көтеруге, алыпсатарлыққа салынуға жол бермеуге бар күшімізді саламыз, ол үшін тиісті құқықтар мен құралдар жеткілікті. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жергілікті ақтарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салады», - деді бұл туралы министр. 

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік сататын сауда орындары жабылмайды. Бірақ ғимарат ішінде ұдайы дезинфекция жүргізіліп отырады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары