$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысындағы жұмыссыздық деңгейі қанша пайызды құрайды

Облыста 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы қабылданған

Абай облысындағы жұмыссыздық деңгейі қанша пайызды құрайды
Фотоколлаж

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында облысты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрайды. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында халық табысын арттырудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты, 3 негізгі бағыт анықталды: «Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру» бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылы облыс бойынша 24 926 жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деді Ұранхаев.

Ол атағандай, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру» көзделген.

«Биыл жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту үшін 2,06 млрд теңгеге 425 жеңілдетілген қарыз беру жоспарланған. «Әлеуметтік құралдар және мемлекеттік қолдау шаралары» үшінші бағыты бойынша іс-шараларға жастарды жұмыспен қамту үшін «Бірінші жұмыс орны», «Жастар практикасы» жобаларын, сондай-ақ жекелеген осал адамдарды жұмысқа орналастыру тетігін іске асыру кіреді. Аталған мақсатқа ағымдағы жылы бюджеттен 4,6 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары