$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында 49 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген

Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 51 пайызды құрап отыр

Абай облысында 49 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген
Фото ашық дереккөзден

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында облысты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл жалпы құны 17 миллиард теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2024-2025 жылдары су құбыры желісінің 19 жобасын салу жоспарлануда. Абай облысының  тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9%-ды құрайды. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 51 пайыз. Облыстың 610 мың тұрғынының 49 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген», - деді әкім.

Ол атағандай, 2023 жылы 17 млрд теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, жоба жүзеге асқаннан кейін ауыз сумен қамтамасыз ету 93,1 пайызды құрайды.

«13 қайта құру жобасы әзірленуде, оның ішінде Абай ауданында Архат ауылы, Бесқарағай ауданында Кривинка, Малая Владимирвка, Башкөл, Канонерка, Бозтал ауылдары, Жарма ауданында Үшбиік ауылы, Көкпекті ауданында Ажа, Ақой ауылы, Үкілі Қыз, Үржар ауданында Таскескен ауылдары.Абай ауданының Кеңірбай, Құндызды, Медеу ауылдарында, Жарма ауданының Жаңғызтөбе, Қалбатау ауылдарында, Үржар ауданының Науалы, Көктерек ауылдарында конкурстық рәсімдер өткізіліп жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары