$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде қанша ауылдың болашағы жоқ

Онда 700 мың адам тұрады

Елімізде қанша ауылдың болашағы жоқ
Фото ашық дереккөзден

Үкімет сағатының кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров болашағы жоқ ауылдар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«(Қазақстанда болашағы жоқ – ред.) 2,8 мың ауыл бар. Онда ауыл халқының шамамен 10% немесе 700 мың адам тұрады. Кейбір ауылдарда халықтың саны азаюы мүмкін, кейбірде ауылдарды жөндеп, қолдау көрсетеміз. Мұны бәрі өңірдегі (әкімдіктердің – ред.) саясатына байланысты», - деді Қуантыров.

Еске салсақ, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы» үкімет сағаты өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында кіріс пен өмір сүру сапасын арттыру арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету міндетін қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары