Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны алты адамға жетті
Олар Франция мен Түркиядан ұшып келген

Өзбекстанда коронавирус тағы екі адамнан анықталды, оның ішінде бала да бар. Елде COVID-19 жұқтырғандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Жексенбі күні Денсаулық сақтау министрлігі Франциядан оралған Өзбекстан азаматшасынан коронавирус анықталғанын хабарлады. Кейін оның ұлы мен қызы да ауыратыны белгілі болды. Сондай-ақ, Стамбулдан Ташкентке ұшып келген ер адамнан вирус анықталды.
«COVID-19 вирусы Парижден келген алғашқы пациенттің жұбайы мен немересінен табылды», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Бұған дейін елдің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігі алғашқы науқаспен байланыста болған 150 адамның бақылауда екенін хабарлаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде 143 елде 153 мыңнан астам адам вирус жұқтырды, көпшілігі сауығып, 5,7 мыңнан астам адам қайтыс болды деп мәлімдеді.