Қазақстандықтар жалақысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды – депутат
Депутат халық өзге қажеттіліктерін жаба алмай отырғанын айтты
Қазақстандықтар жалақысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Бұл туралы депутат Мәди Тәкиев Мәжілісте «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл дегеніміз азаматтардың ақша жинауы былай тұрсын, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпей жатыр деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2022 жылы 94 мың отбасы кедейлік шегінен шығарылды», - деді Тәкиев.
Оның айтуынша, бұл айда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр.
«Мәселен, табысы ең төменгі халықтың деңгейінде 5,2 пайыз тұр. Бұл 1 млн адам дегенді білдіреді», - деді ол.