16.03.2020, 10:09
Қоғам
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағасы 411 теңгеге жетті
Ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді
Фото: kapital.kz
Бүгін, 16 наурыз күні қазақстандық ақша айырбастау орындарында америкалық валютаның бағасы 411 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Kurs.kz сайтының дерегінше, Нұр-Сұлтанда долларды 411 теңгеге сатып алуға және 409 теңгеге сатуға болады.
Алматы қаласының тұрғындары үшін доллар құны біршама қымбатқа түспек, бұл шаһарда оның бағасы 412 теңге болып отыр. Сондай-ақ, алматылықтар үшін теңгені долларға айырбастау құны – 409,6 теңге.
Шымкентте америкалық валюта 410,5 теңгеден сатылуда, ал айырбастау құны 408 теңгені құрайды.
Қостанайда бір доллардың бағасы 409,8 теңге болып отыр. Бұл қалада долларды сату да еліміздің үш мегаполисіне қарағанда біршама арзандау – 407 теңге.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты