Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Нан өнімдерін тек қаптамамен сату туралы кеңес берілді – министрлік

Қазақстанда ірі сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгереді  

ҚР Сауда және интеграция министрлігі елімізде COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілгендіктен, бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда нысандарының жұмыс кестесін сағат 10.00-18.00 аралығына қысқартқан жөн деді.

«Сауда орындарының аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары және басқа да ойын-сауық орындары жабылуы керек. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары әдеттегідей санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекция шараларымен жұмыс істеуі тиіс», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік сонымен қатар, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер тек қапталған түрінде ғана сатылуы керек деп атап өтті.

«Азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты ел аумағында бір айлық төтенше жағдай жариялаған болатын.