Енді елімізде Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек аталып өтеді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды
Енді елімізде екі мейрам – Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек-бөлек аталып өтеді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатта бекітілгендей, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.
«Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар», - делінген министрліктің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.