$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2023, 16:57
Қоғам

Көкшетауда 14 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған есепшілерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Полицейлер осы ұйымда бұрын бухгалтер болып жұмыс істеген 36 жастағы екі әйелді анықтады

Көкшетауда 14 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған есепшілерге қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысы Көкшетау қаласында қомақты қаражат жымқырды деген күдікпен бухгалтерлерге қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 мамырда Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті ЖШС өкілінен ұйымда қаржылық құжаттарды тексеру кезінде 14 093 825 теңге сомасында ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі анықталғаны туралы арызы келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы ұйымда бұрын бухгалтер болып жұмыс істеген 36 жастағы екі әйелді анықтады», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі күні ҚК 189-бабының 2-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету»          бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Сараптамаға қарасақ көп жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрін есепшілер, кассирлер, қойма меңгерушілері жасайды», – дейді полиция қызметкерлері.

Полицияның айтуынша, басшылар қызметкерлердің әдептілігіне үміттеніп, ұзақ уақыт бойы ревизия жүргізбейді. Салдарынан ысырапқа әкеледі дейді құқық қорғау органы.

Серіктес жаңалықтары