$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысының әкімдігі жер үйлерге газ тарту үшін халыққа несие ұсынып отыр

Несие пайыссыз, жеті жыл мерзімге беріледі деген жоспар бар

Қарағанды облысының әкімдігі жер үйлерге газ тарту үшін халыққа несие ұсынып отыр

Қарағанды облысының экологиялық жағдайын шешу үшін жер үйлерге газ тарту керек. Облыс әкімдігі үйлеріне газ тартып алу үшін әлеуметтік осал топтағы адамдарға бір реттік төлем, ал, жалпы халыққа жеті жылға несие ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Баяндамасында Қарағанды облысының экологиялық жағдайына тоқталған ол өңірде экологиялық проблема көп үш қаланы атады. Олар әрине - Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалалары.

«Қарағандыдағы мәселені шешу үшін жеке сектордағы үйлерге газ тарту керек. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға үйіне газ тартып алу үшін бір реттік төлем ұсынамыз. Сонымен қатар, Тұрғын үй қорын модернизациялау орталығымен бірге жеті жылға арналған пайызсыз несие беретін арнайы бағдарлама ойлап таптық», - дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әкімнің сөзіне сенсек, қазір Қарағанды мен Теміртауда бес жарым мыңнан астам үйге газ жіберу желілері тартылған. Жыл соңына дейін ондай үйлердің саны жеті мыңға жетеді деген жоспар бар дейді әкім.

Ал Теміртау қаласының экологиялық жағдайына тоқталған Бөлекпаев шаһарды ластап отырған кәсіпорын - АрселорМиттал Теміртау компаниялар тобы екенін еске салды.

«Қаланың ауасын ластап отырған зиянды заттардың 88 пайызын осы комбинат шығарып отыр. Табиғатты қорғау шараларын сақтамағаны үшін кәсіпорынға 5,3 млрд теңге айыппұл салынған», - деп атап өтті әкім.

Серіктес жаңалықтары