$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоғжанов өз туған күнінде қызметтік көліктерді пайдалануға қатысты пікір білдірді

Ол 13 мамыр күні жұмыспен Қобда ауданында болғанын айтты

Тоғжанов өз туған күнінде қызметтік көліктерді пайдалануға қатысты пікір білдірді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер әкімдік қызметкерлері Ақтөбенің ең қымбат мейрамханаларында облыс әкімінің туған күнін мерекелеуге қызметтік автокөліктермен барғанын айтып, жеке мақсатта қызметтік көліктерді пайдалануға қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Бұл мәселеге объективті тұрғыдан қарау керек. Туған күн 12-сінен 13 мамырға қараған күні тойланады. Бұл - біздің отбасымыздағы дәстүр. Менің балаларым мен достарым Маңғыстауда болған. Мысалы, 2018 жылы мен 12-сі Астанада болдым. Олар маған көрінбей, ұшақпен бірге келген. Мен бұл мерекені өз отбасыммен үйде қарсы аламын. 13-і менде жұмыс күні. Өткен жылы мен Қарағандыда болсам, осы жылы Қобда ауданына жұмыс сапарымен бардым. Кешкі 20:00-ге дейін мен жұмыста болдым. Барлығы мені басқа бір жерде тойлау керек деп ойлайтын шығар. Көліктерге қатысты ақпаратты тексеретін қызметтер бар. Ол бойынша тапсырма бердім. Менің ақпаратым бойынша, қызметтік көлік ол күні ешқандай жерде жұмыс істемеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Серіктес жаңалықтары