$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 09:46
Қоғам

Ақтөбе облысында коронавируспен күреске 38 млн теңге бөлінді

Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар және наркологиялық диспансерлер қайта жарақталған

Ақтөбе облысында коронавируспен күреске 38 млн теңге бөлінді

Ақтөбе облысында қауіпті вирусты жұқтырған азаматтар анықталған жағдайда, оларды емдеуге арналған 130 орын дайын тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасай отырып.

Ол үшін облыстық жұқпалы аурулар және наркологиялық диспансерлер қайта жарақталған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұндай шаралардың аудандарда да қолға алынғанын жеткізді. Қазір вирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры құрылған. Дертті болған азаматтарды тасымалдауға арнайы жедел жәрдем көліктері де бекітілген. Дәрігерлер мен өзге де медицина қызметкерлері COVID-19 дертімен күресудің әдіс-тәсілдері туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, өңірде вирусты жұқтырған азамат тіркелген жоқ. Тек Италия елінен келген 3 тұрғын қазір дәрігерлердің бақылауында. Олардың хал-жағдайы қалыпты.

Қазір өңірде медициналық бетперде тапшы. Шенеуніктер бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырудамыз дейді. Облыста қатерлі індетпен күреске 38 миллион теңге бөлінген.

«Осындай жағдай туындағаннан бастап тұрғындар бетперделерді көп пайдаланып, сатып алып жатыр. Сондықтан дәріханаларда бетперделерге сұраныс бар. Біздің облыс осы мәселені шешу үшін бетперделер шығара бастады. Күніне 4 мың маска шығарылады. Олардың барлығы дәріханалар арқылы халыққа жіберіліп жатыр. Басқа жақтан да маска әкелу мәселесіне қатысты қазіргі таңда кәсіпкерлермен брігіп жұмыс жасап жатырмыз», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Серіктес жаңалықтары